Жаңару үшін дауыс бер!

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.

Құрылтай – еліміздің заң шығару билігін жүзеге асыратын жоғары өкілді органы. Болашағымызды айқындайтын маңызды саяси оқиғадан тыс қалмаңыз!

Сайлау туралы негізгі мәліметтер:
Мерзімі: Депутаттар 5 жыл мерзімге сайланады.
Құрамы: Құрылтайдың құрамына партиялық тізім бойынша сайланатын 145 депутат кіреді.

Әділдік: Сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде, жасырын дауыс беру арқылы өткізіледі.
Депутаттыққа үміткерлерге қойылатын талаптар:
25 жасқа толған және еліміздің аумағында соңғы 10 жыл бойы тұрақты тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматы депутат бола алады.
Партиялық тізімге енгізілген әйелдердің, жастардың, мүгедектігі бар адамдардың жиынтық саны оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде 30 пайызын құрауы тиіс (квота сақталады).
Партиялық тізімдегі адамдарды орналастыру тәртібін саяси партиялар дербес айқындайды.