Жаңа заң: Баспанасы жоқ кез келген адам үй кезегіне тұра алады
Президент тұрғын үй саясатын реформалауға арналған заңға қол қойды. Енді кез-келген кәмелет жасқа толған азамат ешқандай санатқа жатпаса да, тізімге кіре алады. Баспана кезегін Отбасы банк жүйелеп реттейді.
Құзыры кеңейтілген аталмыш банк тұрғын үйді бөлу кезінде баспанаға мұқтаж азаматтарды есепке қою күні мен табыс деңгейіне баса мән береді.
Бұл – біріншіден, ұзақ уақыт кезекте тұрған адамдарды баспанамен қамтуға мүмкіндік береді. Әзірше құжаттарды egov.kz порталы арқылы тапсыруға болады. Заң күшіне енгенімен, Отбасы банкі 6 айдан кейін жұмысты толық бастайды.