«Жаңа белесті бағындыру – жастардың қолында!» облыстық жастар форумы өтті
Ұлытау ауданында облыстық Қоғамдық даму басқармасына қарасты «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен ауқымды іс-шара өтті.


Форумға Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалаларынан, сондай-ақ Жаңаарқа және Ұлытау аудандарынан келген 80 ге жуық белсенді жастар жиналды. Әр өңірдің өкілдері жастар қозғалысының өзіндік көзқарасын, жергілікті деңгейде жүзеге асырылып жатқан бастамалары мен жұмыс бағыттарын таныстырды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының сектор меңгерушісі Қайрат Дүйсенбайұлы Баймульдинов және «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Ғабдулұлы Жұмырбаев қатысып, жастарға тағылымды ой-пікірлерін жеткізді. Сондай ақ, Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары Сакипов Алмат Қайратұлы құттықтау сөз сөйлеп, жастарға сәттілік тіледі.

Шара жастардың өзара танысуына, тәжірибе алмасуына, ортақ идеяларды талқылауына және әр аймақтағы жастар өмірімен жақынырақ танысуына мүмкіндік берді. Форум аясында қатысушылар бір-бірімен еркін пікір алмасып, жаңа серіктестік байланыстар орнатуға жол ашты.

Жалпы, бұл кездесу өңірде жастардың өзара ынтымақтастығын арттырып, алдағы уақытта бірлескен жобаларды жүзеге асыруға негіз болатын маңызды бастама болды.
