Құқығын білген қор болмайды
Прокуратура енді құқықбұзушылықтарды анықтау және алдын алу мақсатында кең ауқымды бақылау функцияларын жүзеге асырады. Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мен заңдылықты қамтамасыз етуде прокуратураның араласуы тиімдірек болмақ.
Заңның қабылдануы сонымен қатар, прокурорлардың құқық қорғау қызметін жүзеге асыруда дербестігін нығайтып, олардың шешімдерінің тәуелсіздігі мен әділеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Прокурорлар заң бұзушылықтарға жол бермеу және азаматтардың мүдделерін қорғау мақсатында тиісті шараларды жылдам қабылдай алады.
Бұл бастамалар, жалпы алғанда, Қазақстанда заң үстемдігін күшейтуге және азаматтардың сот әділдігіне деген сенімін нығайтуға бағытталған маңызды қадамдар болып табылады.
Ғазиз УСКЕНБАЕВ,
зейнеткер.