Полицияның міндеті – халықтың қорғаны болу

Полицияның негізгі міндеті – азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғау, қоғамда құқық тәртібін қамтамасыз ету. Осы мақсатта ішкі істер органдарының жұмысын оңтайландыру, цифрландыру және тиімділігін арттыру шаралары қолға алынуда.

Азаматтардың өтініштеріне жедел әрі сапалы жауап беру – басты талап. Сонымен қатар, құқық қорғау органдары мен халықтың арасындағы сенімді арттыру маңызды.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында реформалар жүргізіліп, полицияның жұмысы қоғамға барынша жақын әрі ашық болуға бағытталып отыр. Бұл бағытта қазақстандық полиция «қызмет көрсету» үлгісіне көшу арқылы халықтың сұраныстарына дер кезінде жауап беріп, өз міндетін тиімді атқаратынына сенемін.

Маржан БУЛЕГЕНОВА,
көпбалалы ана.