Облыс басшысы – Ұлытау ауданында

Облыс əкімі Есет БАЙКЕН жұмыс сапарымен Ұлытау ауданында болды. Сапар барысында аудандағы бірнеше нысандарды аралап, ауданның даму тынысын бағамдады.

Өңір басшысы алдымен «Күмісбұлақ» аумағында жүзеге асырылатын абаттандырылу жобасының жоспарымен танысты. Одан соң «Тасбұлақ» демалыс орында болып, ардагерлер қауымымен кездесті.
Облыс əкімі Есет Берікұлының жұртшылықпен тілдесіп, бүкпесіз ашық əңгіме өрбіткен жүздесуі – диалог форматында өткен еркін кездесу болды. Əңгіме ашық айтылып, жаңа меже айқындалды. Кездесу барысында жол инфрақұрылымын жақсарту, елді мекендерді газдандыру, туризм, əлеуметтік мəселелер жайында сөз қозғалды.

Ардагерлер атынан Мақсұт Оспанов сөз сөйлеп, Ұлытау ауданынан Астанаға қарай жол салу мəселесін көтерді. Бұл жоба іске асса жергілікті тұрғындарға да тиімді екенін баяндады. Сонымен қатар, газ тарту жұмыстары уақытылы əрі сапалы деңгейде іске асса деген көптің көкейіндегі мəселені де жеткізді. Əкім көтерілген мəселелерге орай тұщымды жауап беріп, айтылғандардың бəрі назарында болатындығын айтты. Əсіресе, Ұлытаудан Шұбаркөл-Баршын арқылы Астанаға баратын жол салынса, елді мекендер арасындағы көлік қатынасының жақсаруына мол мүмкіндік беретіндігін облыс əкімі де құптады.
Тағы əкімнің назар аударған мəселесі ауыл шаруашылығы саласының қазіргі жай-күйі болды. Осы негізде мал шаруашылығына байланысты тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Ақсақалдар тарапынан қойылған барлық сауалдарға құлақ түрді.

Сондай-ақ, алдағы уақытқа жоспарланған ауқымды жобаларымен бөлісті. Сөз арасында аймақ басшысы Есет Байкен облыс бойынша кешенді жоспардың орындалысы, жүйелі негізде жүзеге асырылуы, əрдайым өзінің қадағалауында болатынын атап өтті. Соның аясында Ұлытау ауданында туризм саласын дамыту жұмыстары да қолға алынатындығын тілге тиек етті.
Сапар барысында аудандағы салынып жатқан аурухана құрылысы да облыс басшысының назарынан тыс қалмады. Əкім ол жерге де барып, құрылыс жұмыстарымен жете танысты.
Нысанды аралау барысында Есет Берікұлы мердігер өкілдеріне жұмыс сапасы мен орындалу мерзіміне қатысты бірқатар тапсырмалар беріп, жыл соңына дейін құрылыс жұмыстарын аяқтауды тапсырды. Бұдан кейін «Сапар» орталығында болып, «Ұлытау» ұлттық тарихи-мəдени жəне табиғи музей – қорығының жұмыстарымен танысты. Рəміздер алаңына арнайы барды.
Кездесу соңында облыс басшысы жанындағы жауапты тұлғаларға ардагерлер тарапынан қойылған сауалдар бойынша нақты тапсырмалар жүктеп, олардың орындалуы тұрақты бақылауында болатынын мəлімдеді.
Облыс əкімінің Ұлытау ауданындағы жұмыс сапары ұлт қазынасына айналған тарихи орындарға тəу етумен түйінделді.

Қайрат ЖҰМАБАЙ.