Өміршең мәселелер – күн тәртібінде

Ұлытау облысы әкімі Дастан Рыспековтің төрағалығымен аппарат жиыны өтті. Өңір басшысы күн тәртібіндегі мәселелерге тоқталмас бұрын, денешынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушысын, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының және қазынашылық департаментінің басшысын таныстырды.

Күн тәртібінде жедел қызмет және санитарлық авиация мәселелері, туризм саласын дамыту туралы мәселелер қаралды.

Алғашқы сұрақ бойынша денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ләззат Ранова баяндама жасады. Облыс әкімі өз кезегінде ауыл-аймақтарда ұшақ қонатын арнайы орын болуы міндетті екенін жеткізіп, «Қазақмыс» корпорациясымен жүргізілген келіссөздер аясында санитарлық авиа жолақ ашу жұмыстарын қолға алуды тапсырды.

Сонымен қатар өңір басшысы жауапты орынбасарына глэмпинг туризм түрін облыста дамыту жолдарын аз уақыттың ішінде зерттеуді, оны жүзеге асыру үшін «Ұлытау» ӘКК-ның ресурсын пайдалану міндетін жүктеді.

«Осы уақытқа дейін Жезқазған әуежайында туристерге ақпарат бұрышын ашу мәселесі көтерілген болатын. Аталған жұмысты Наурыз мерекесіне дейін атқаруды тапсырамын» – деді өңір басшысы өз сөзінде.