Ұлытау облысында этномәдени бірлестіктер арасында «Бірлікке үн қосқан» республикалық фестивалінің өңірлік іріктеу кезеңі өтті
Өңірлік кезеңді Ұлытау облысының ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырды. Фестиваль Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен облыстың елді мекендерінен келген шығармашылық ұжымдар мен өнерпаздардың басын қосты.

Байқау бағдарламасында бес номинация бойынша 16 өнер нөмірі ұсынылды: «Үздік шығармашылық ұжым», «Үздік хор ұжымы», «Үздік орындаушы», «Қазақ тіліндегі үздік орындаушы», «Үздік аспаптық нөмір».

Қатысушылар халықтық және заманауи әндерді, қазақ, орыс, татар және украин тілдеріндегі шығармаларды, аспаптық композициялар мен күйлерді орындады. Байқау бағдарламасын Сәтбаев қаласының құрметті қонағы – «Ақ әжелер» ансамблі ашты. Әрбір өнер көрсету қатысушылардың үлкен дайындығын, түрлі этностардың мәдениеті мен музыкалық дәстүрлеріне деген құрметін көрсетті. Қазылар алқасының бағалауы нәтижесінде әр номинация бойынша жеңімпаздар анықталды. Олардың байқаулық өнер нөмірлері фестивальдің республикалық кезеңіне қатысу үшін жолданатын болады. Фестивальдің жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан барлық қатысушыларға, шығармашылық ұжымдардың жетекшілеріне, қазылар алқасының мүшелері мен қонақтарға алғысымызды білдіреміз.

Жеңімпаздарға республикалық кезеңде Ұлытау облысының намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтиже көрсетулеріне тілектеспіз.
