Маңызды мәселелер қаралды
Аптаның басында өткен кезекті аппарат жиынында 2024 жылғы əлеуметтікэкономикалық даму қорытындылары, 2025 жылға арналған мемлекеттік сатып алу жəне «Таза Қазақстан» экологиялық бастаманы орындау туралы мəселелер қаралды.
Кеңесте алғашқы сұрақ бойынша экономика басқармасының басшысы Нұрлан Абдукалимов баяндама жасады. Баяндамаға орай облыс əкімі 2024 жылдың қорытындысы бойынша белгіленген көрсеткіштердің төмендеуіне жол берген, жылдық жоспар орындамаған əкімдер мен басқарма басшыларының есебін тыңдады.
Жиында өңір басшысы кəсіпкерлік жəне өнеркəсіп басқармасының кəсіпорындар мен өңір əкімдіктерімен тығыз жұмыс жүргізбейтіндігін алға тартып, сала жұмысын үйлестіру, өңірге инвестиция тарту деңгейін сынға алды. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу ісінде конкурстық жұмыстар мерзімінің ұзаққа созылуы – жобалардың уақытына тікелей кері əсер ететінін айтып, биыл аталған істің қатаң қадағалауында болатынын жеткізді. Бұл ретте бюджеттік бағдарламалар əкімшілеріне жылдық жоспарға сəйкес конкурсты уақытылы ұйымдастыруды, жауапты қызметкерлердің біліктілігін арттырып, оқу семинарлар ұйымдастыруды тапсырды.
Аппарат отырысында Ұлытау облысының əкімі Дастан Рыспеков 2024 жылдың əлеуметтік-экономикалық қорытындысына сəйкес, жіберілген кемшіліктерге байланысты ескерту жасап, тиісті басшыларға тапсырмалар жүктеді.
Ізбасар ОЙБАС.