Мүлікті қорғау – өз қауіпсіздігіңізді қорғау
Өз мүлкіңіздің сақталуына жауапкершілікпен қарау – құқық бұзушылықтың алдын алудың маңызды қадамы.

Қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтаңыз:
* Үйден шығарда есік пен терезелердің жабық екеніне көз жеткізіңіз.
* Бағалы заттарды қараусыз қалдырмаңыз.
* Автокөлігіңізді міндетті түрде құлыптап, бағалы заттарды көзге көрінетін жерде қалдырмаңыз.
* Бейтаныс адамдарға сақтықпен қарап, жеке мүлкіңіз туралы ақпаратты жарияламаңыз.
* Күдікті жағдайларды байқасаңыз, дереу құқық қорғау органдарына хабарлаңыз.
Қырағылық пен сақтық – мүліктің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ең тиімді жолы.
Өз қауіпсіздігіңізге бейжай қарамаңыз!

