Ұлытау облысында көлік қозғалысы шектеледі
2024 жылғы 9 қарашада сағат 20:00-де Ұлытау облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Жезқазған-Петропавл» автожолының 136-252 шақырым аралығында (Ұлытау облысының шекарасынан Қостанай облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
2024 жылғы 10 қарашада сағат 09:00-де жолды ашу жоспарланған.