Ұлытау облысы әкімінің Сәтбаев қаласының тұрғындарымен есептік кездесуінің уақыты өзгерді

Ұлытау облысының әкімі Есет Байкеннің Сәтбаев қаласының тұрғындарымен 28 қазанға жоспарланған есептік кездесуінің уақыты сағат 11:00-ден 16:00-ге ауыстырылды.

Кездесу 28 қазан күні сағат 16:00-де Сәтбаев қаласы, Сәтбаев даңғылы, 106 мекенжайында орналасқан Шынболат Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайында өтеді.

Кездесуден кейін облыс әкімі, облыстық басқармалардың және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық департаменттерінің басшылары шешімін талап ететін мәселелер бойынша азаматтарды жеке қабылдайды.