Әлеуметтік-экономикалық дамуда оң динамика байқалады

Облыс əкімі Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫНЫҢ төрағалығымен өткен аппарат мəжілісінде баяндама жасаған Ұлытау облысының экономика басқармасының басшысы Виктория СТАВИЦКАЯ осылай деп мəлімдеді.

Кеңейтілген кеңесте өткен қаңтар-наурыз айындағы əлеуметтік-экономикалық даму жəне республикалық бюджеттің атқарылу қорытындылары сөз болды. Басқарма басшысының айтуынша, алдын-ала жасалған болжам қорытындыларына сəйкес, алғашқы тоқсанда əлеуметтікэкономикалық дамуда оң динамика байқалады. Тұрғындар саны 100 адамға артқан, яғни, 221500 адамды құрап отыр. Орташа айлық көлемі де 448 946 теңгеден 554275 теңгеге өскен. Өнеркəсіп секторында да даму байқалады. Жоспарлы көрсеткіштер 104,3 процентке орындалған. Өкінішке қарай, кейбір өңірлерде бұл көрсеткіштер кемшін түсіп жатыр. Мəселен, өңірге инвестиция тарту мəселесінде Сəтбаев қаласы мен Жаңаарқа ауданы кенжелеп тұр. Жаңаарқа ауданының да кейбір салаларында жағдай мəз емес.
Алқалы жиында аймақ басшысы жауаптылардан мəселенің себеп-салдарын сұрап, оны жолға қою мақсатында жұмысты ширатуды тапсырды.

Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ.