Кандидаттардың еңбек ұжымдарымен кездесулері жалғасуда
«Әділет» партиясына мәслихат депутаттығына кандидаттардың тұрғындармен және еңбек ұжымдарымен кездесулері жалғасуда.

Кандидаттар мәдениет саласының өкілдерімен жүздесті.
Кездесу барысында кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, мәдениет саласын дамытуға бағытталған негізгі басымдықтарымен бөлісті.

Атап айтқанда, Ұлытау облысында 2031 жылға дейін бірқатар жаңа мәдениет нысанын салу жоспарланған. Бұл ретте мәдениет үйлерінің құрылысын сапалы жүргізу, нысандарды белгіленген мерзімде аяқтау және тұрғындардың игілігіне пайдалануға беру мәселелеріне ерекше назар аударылмақ.
Кездесу барысында мәдениет саласының өкілдері өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Дайындаған:
«Әділет» партиясы
Ұлытау облыстық филиалының
баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші:
Құрмансейіт А.А.
Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
