Кандидаттар Талап ауылында кездесу өткізді

«Әділет» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Әлдібек Тәуекелов, Абылай Жәнібеков және Диас Алтынбек Талап ауылындағы орта мектептің ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, білім беру саласын дамытуға бағытталған негізгі басымдықтарға тоқталды.

Сонымен қатар, білім беру сапасын арттыру, мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту және ұстаздардың кәсіби әлеуетін қолдау мәселелері сөз болды.

Кездесу соңында мектеп ұжымы өздерін толғандырған сауалдарын қойып, кандидаттармен пікір алмасты.

Дайындаған:
«Әділет» партиясы
Ұлытау облыстық филиалының
баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші:
Құрмансейіт А.А.

Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.