Өңірде пилоттық режимде әкім сайлауы басталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйектегі Жолдауында «Аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін тұрғындар сайлауы керек» деген болатын.

Бүгін пилоттық режимде алғаш рет 42 аудан мен облыстық маңызы бар үш қала әкімдерін сайлау өтеді. Бұған дейін қазақстандықтар ауыл әкімдерін сайлаған болатын.

Ұлытау ауданы Ұлытау ауылында орналасқан №724 сайлау учаскесі сағат 7.00-де өз жұмысын бастады. ҚР Мемлекеттік әнұраны орындалған соң, комиссия төрағасы сайлау науқанымен жиналғандарды құттықтады. Ауыл ақсақалы Темірбек Байболов пен Әлімбек Жандарбеков әдеттегідей алғашқы сайлаушылар болып дауыс берді.