ІІМ: Бес айда мал ұрлаумен айналысқан 58 топ ұсталды

2026 жылдың бес айында 266 мал ұрлығы фактісі тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11% төмен. Сонымен қатар қылмыстың осы түрін ашу көрсеткішінде оң динамика байқалады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде мал ұрлығына қатысы бар 258 адам ұсталып, 58 қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды. Ұрланған 1730 бас малдың 1007-сі иелеріне қайтарылды.