«Есептегі тұлға» жедел профилактикалық іс-шарасы

Жезқазған қаласы аумағында «Есептегі тұлға» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара аясында учаскелік полиция инспекторлары есепте тұрған тұлғалармен профилактикалық және түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында заң талаптарын түсіндіруде.

Сонымен қатар, тұрғылықты мекенжайлары тексеріліп, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау жөнінде ескертулер берілуде.