Мемлекеттік қызметшілер Aitu мессенджерін күнделікті пайдалануы керек – Олжас Бектенов

Премьер-Министр Aitu ұлттық цифрлық экожүйесінің дамуын жеделдетуді тапсырды. Олжас Бектенов қазір бұл бағыттағы жұмыс баяу жүріп жатқанын жеткізді.

Жасанды интеллект жəне цифрлық даму министрі Жаслан Мəдиевтің сөзінше, бүгінде Aitu-ға 7 млн-ға жуық адам тіркелген. Aitu сервистерін айына 1,3 млн, ал күніне 350 мыңға дейін адам пайдаланады.