«Еңбек төрге оздырады»: Қасым-Жомарт Тоқаев диқандарға алғыс айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында сөз сөйледі.

«Ең алдымен, кәсіби мереке баршаңызға құтты болсын дегім келеді. Бұл – мән-мағынасы ерекше оқиға. Себебі ауыл шаруашылығы – ел экономикасы үшін стратегиялық маңызы айрықша сала», – деді Президент.