Қалың малды мәһір ретінде беруге бола ма? – ҚМДБ жауабы

Қалың малды мәһір ретінде беруге болады. Бірақ бұл туралы екі жақ алдын ала келісуі керек.

ҚМДБ шешіміне сәйкес, мұндай жағдайда ақша қыздың өзіне тиесілі болады. Ата-анасы оны қызының рұқсатынсыз жұмсай алмайды.

Егер қыз келіссе, ақшаны жасауына пайдалануға болады. Ал келіспесе, қалың мал толықтай өзіне берілуге тиіс.

Әйел ажырасқан жағдайда да мәһірін қайтармайды.