Білім гранты иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.

Белгілі болғандай, 2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі Ғылым және жоғары білім министрінің ресми парақшаларында және ведомствоның ресми ақпарат көздерінде жарияланады.