Бейбіт атом энергиясын пайдалану
Бейбіт атом энергиясын пайдалану – бүгінгіглобализация үдерісіндегі әлемнің ең өзекті, сонымен қатар қарама-қайшылығы көпмәселесінің бірі. Ядролық энергияның тиімділігімен тұрақтылығы біраз елге оны таза энергия көзі ретінде қолдануға мүмкіндік беретіні сөзсіз Атом энергиясының басты ұтымды тұсы – оның экономикалық тиімділігі.
Мұнай мен газ бағасы тұрақсыз болғандықтан, біраз мемлекетэнергия қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшінтұрақты энергия көзіне көшуді қарастырыпотыр. АЭС-тің бір артықшылығы сол, тұрақтыәрі ұзақ мерзімді энергия көзін қамтамасызетеді. Ол мұнай, газ, көмір сияқты пайдалықазба байлығына қарағанда, әлдеқайдапайдалырақ. Сосын ұзақ уақыт бойы жарамды.Атом электр станциясы көмірқышқыл газыныңэмиссиясын әжептеуір азайтады. Яғни бұл жердегі «эмиссия» деп отырғанымыз – СО2-нің топырақ бетінен атмосфераға баруын сипаттайтын үдеріс. Біз сүйенген дереккөздегі мәлімет бойынша, сарапшылар АЭС-ті парниктік газдың атмосфераға кетуімен күресетін бірден-бір тәсіл ретінде қарастырады. Қазақстан – энергетика саласында тап қазіргі сәтте үлкен әлеуеті бар ел. Елімізде табиғи ресурс көп. Мұнай, газ, көмірді айтпағанда, уран қоры да мол. Қазақстан уран өндіруден әлемде жетекші орында екені анық. еліміз АЭС салу үшін өзін-өзі қажет шикізатпен қамтамасыз ете алады деген сөз.
Қазақстанда АЭС-ті салудың тиімділігі.
1.Энергетикалық тәуелсіздік: АЭС Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін арттыруға көмектеседі. Қазіргі уақытта елде электр энергиясы негізінен көмірден өндіріледі, ал атом энергиясы бұл саладағы әртараптандыруға ықпал ете алады;
2. Экономикалық тиімділік: Ұзақ мерзімді перспективада АЭС арзан әрі тұрақты энергия көзі болуы мүмкін. Бұл ел экономикасының дамуына және өнеркәсіптің өсуіне үлес қосады;
3. Технологиялық даму: АЭС салу жоғары технологиялық саланы дамытуға, ғылым мен техниканың алға жылжуына септігін тигізеді.
Елімізде атом электр станциясын салу энергетикалық тәуелсіздікке және климаттың өзгеруіне қарсы күреске оң әсер ете алатын маңызды шешім болып табылады.
Дәурен БУРАЛХИН,
мұғалім.