Басқарма басшысы тағайындалды

«Ұлытау облысы цифрлық технологиялар басқармасы» ММ-нің басшысы болып Ерлан Жумаевич Янабаев тағайындалды.

Ерлан Жумаевич Янабаев 1989 жылы 20 қарашада дүниеге келген. Қызылорда қ. тумасы. 2011 жылы Алматы энергетика және байланыс университетін «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2012 жылы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінде дипломнан кейінгі тәжірибеден бастады.

Әр жылдары «Ұлттық ақпараттық технологтар» АҚ талдаушысы, Көліктік бақылау инспекциясының жетекші маманы, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің сарапшы, бас сарапшы және көлікт цифрландыру басқармасының басшысы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаментінің ақпараттық технологиялар басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

Тағайындалғанға дейін Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.