Ата Заң – тұрақтылық пен дамудың кепілі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекетіміздің құқықтық іргетасын айқындайтын, қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың берік негізі болып табылатын басты құжат. Ата Заң ел дамуының стратегиялық бағытын белгілеп, әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына кепілдік береді.

Конституцияда бекітілген қағидаттар – заң үстемдігі, адам құқықтарын сақтау, билік тармақтарының үйлесімді қызметі – еліміздің тұрақты дамуының негізгі алғышарттары болып саналады. Бүгінде жүзеге асырылып жатқан реформалар мен жаңғыру үдерістері осы негізгі заң аясында жүйелі түрде іске асырылып келеді. Бұл өз кезегінде Конституцияның маңыздылығы мен өміршеңдігін айқындай түседі.
Қоғам дамуының басты қозғаушы күші – жастар. Сондықтан жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың бойында заңға деген құрмет пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру – маңызды міндеттердің бірі. Осы бағытта өткізілетін түрлі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, кездесулер мен пікір алмасу алаңдары жастардың азаматтық белсенділігін арттыруға оң ықпал етеді.
Ата Заң талаптарын сақтау – әрбір азаматтың парызы. Заң үстемдігі қамтамасыз етілген қоғамда әділдік пен тәртіп орнап, тұрақтылық пен даму өзара сабақтас түрде жүзеге асады.
Қорытындылай келе, Конституция – еліміздің тәуелсіздігі мен өркендеуінің берік кепілі. Әрбір азамат Ата Заңды құрметтеп, оның талаптарын басшылыққа алған жағдайда ғана мемлекетіміздің тұрақты дамуына қол жеткізе аламыз.

Толқын ТӘЛІПОВА,
Ұлытау ауданының Жастар ресурстық орталығының басшысы.