Астанада ТКМ саласындағы корпоративтік университеттердің Қазақстандағы алғашқы халықаралық форумы өтті
Астанада елдегі тау-кен металлургия (ТКМ) саласындағы корпоративтік университеттердің кеңейтілген форматтағы халықаралық кездесуі өтті. Іс-шара ұйымдастырушысы – Eurasian Resources Group (ERG). Форум Азия аумағындағы EFMD-ге мүше корпоративтік университеттер мен білім беру құрылымдары, қызметкерлерді оқыту саласында еңбек ететін білім беру мекемелері мен қауымдастықтар арасында Қазақстандағы алғашқы тәжірибе алмасу алаңына айналды.
Шараның мақсаты – озық тәжірибелер, үздік практикалар мен инновациялық ұстанымдар алмасу мүмкіндіктерін кеңейту. Форумға қатысушылар көшбасшылық, кәсіби білім беру мен қызметкерлерді оқыту мәселерін кеңінен талқылап, халықаралық қауымдастық мойындаған озық кейстермен танысты.
Негізгі спикерлердің бірі – CLIP корпоративтік университеті аккредитациядан өту бағдарламаларының жетекшісі, EFMD корпоративтік сервистерінің директоры, доктор Мартин Мерле. EFMD – әлемнің 88 елінде 890 мүшесі бар Еуропалық менеджментті дамыту қоры. Ол менеджмент пен қызметкерлерді оқыту салаларындағы жетекші бизнес-мектептер, университеттер мен корпорацияларды біріктірген. Оқыту мен менеджмент саласындағы озық тәжірибелер алмасуға арналған жаһандық тұғырнама деуге болады. Ол бизнестің бәсекеге қабілеттілігін артыру үшін корпоративтік оқытуға халықаралық стандарттарды енгізудің маңызына ерекше тоқталды:
– Біз EFMD тәжірибесінде әріптестер қауымдастығы корпоративтік оқыту стандарттарын дамыта отырып, компаниялардың ісін жетілдіру жолына барынша қарқын бере алатынына талай мәрте көз жеткіздік. ERG-дің бастамасы Қазақстандағы, тіпті Орта Азиядағы корпоративтік оқыту саласына тың серпін бере алады деген сенімдеміз,- деді Мартин Мерле.