Абайлаңыз, алаяқтар!
Жезқазған қаласының прокуратурасының бастамасымен интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде.

Соңғы уақытта интернет-алаяқтардың азаматтарды дроппер ретінде пайдалану арқылы қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру фактілері жиілеп отыр.
Қазіргі таңда алаяқтықтың жаңа түрлері пайда болып жатыр. Соның бірі біздің өңірге тиесілі — «Қазақмыс корпорациясына жұмысқа тұрғызамын», «Қазпоштадан құжатыңыз келді», «курьерлік компаниядан сәлемдемеңіз бар», «Энергопоток компаниясынанбыз, есептегішті ауыстырамыз» деген сылтаулармен хабарласып, азаматтарды алдап ақшалай қаражаттарды иемденіп алады.
Интернет-алаяқтықтың алдын алу, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қылмыстарға қатысудың құқықтық салдары туралы бейнеролик ұсынылады.
Жезқазған қаласының прокуратурасы азаматтарды сақ болуға және интернет-алаяқтарға алданбауға шақырады.
