Ұлытау ауданының Құрметті азаматы дауыс берді

Ұлытау ауданындағы №124 сайлау учаскесінде Ұлытау ауданының Құрметті азаматы, Қазақстанның Құрметті журналисі, ардагер-журналист Машайықов Мағзұмбек дауыс берді.

Өзінің саналы ғұмырын журналистика саласына арнап, Ұлытау өңірінің ақпараттық кеңістігінің дамуына елеулі үлес қосқан ардақты азамат сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады.