Ұлытау ауданының Құрметті азаматы Шарипа Сағадиева отбасымен бірге дауыс берді

Бүгін, 29 қараша күні мәслихат депутаттарының сайлауында Ұлытау ауданының Құрметті азаматы, ардагер ұстаз Сағадиева Шарипа Құсайынқызы отбасымен бірге келіп, өз таңдауын жасады.

Ұзақ жылдар бойы білім беру саласында еңбек етіп, жас ұрпақтың тәрбиесі мен біліміне үлес қосқан ардагер ұстаз сайлауға қатысудың азаматтық жауапкершіліктің маңызды көрінісі екенін атап өтті.

Өз таңдауын жасаған Шарипа Құсайынқызы аудан тұрғындарын да сайлауға белсенді қатысып, ел болашағына бейжай қарамауға шақырды.