Медициналық картадағы әр жазба бақылауға алынады
Қазақстанда пациенттердің медициналық карталарына жалған мәлімет енгізудің алдын алу мақсатында цифрлық бақылау жүйесі кеңейтіліп жатыр.

Енді азаматтардың дәрігер қабылдауына барғанын екі тәсілмен растауға болады:
🔹 Face ID арқылы жеке басын сәйкестендіру;
🔹 eGov Mobile қосымшасындағы цифрлық кодты пайдалану.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, осы тәсілдер арқылы 160 млн медициналық қабылдау расталған. Бұл тіркелген қабылдаулардың 72,2%-ына тең.
Сонымен қатар вакцинация туралы мәлімет медициналық жүйеге енгізілгеннен кейін пациентке SMS-хабарлама жіберіледі. Азамат екпе алғанын растай алады немесе ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлай алады.
Жаңа жүйе азаматтарға іс жүзінде көрсетілмеген медициналық қызметтерді тіркеудің алдын алуға бағытталған.
