Ерсайын Нағаспаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымынан босатылды.

Ол Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолында мемлекеттік басқару, көлік және инфрақұрылым салаларында түрлі лауазымдарды атқарған.

🔹 Шахтинск қаласының әкімі;
🔹 Астана қаласы әкімінің орынбасары;
🔹 2021–2025 жылдары ҚТЖ басқарушы директоры;
🔹 2025 жылдың ақпанынан бастап Өнеркәсіп және құрылыс министрі болған.