Ел алғысы – еңбектің ең үлкен бағасы
«Қызылорда – Жезқазған» автомобиль жолының ашылу салтанатында сөз сөйлеген ауыл ардагері қуанышын жеткізіп, жол құрылысына атсалысқан барша азаматтарға алғысын білдірді.

Ақсақал жаңа жолдың өңір экономикасын дамытуға, елді мекендер арасындағы байланысты нығайтуға және халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға қосатын үлесін ерекше атап өтті.
Шын мәнінде, жол – жай ғана қатынас құралы емес. Ол – ауыл мен қаланы жалғайтын, кәсіпке жол ашатын, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін маңызды инфрақұрылым.
Ал халықтың ақ батасы мен шынайы алғысы – жолшылар еңбегіне берілген ең жоғары баға.
