«Заң мен тәртіп» аясында кездесу өтті
Бүгін Қарсақбай кентіндегі агротехникалық колледж студенттерімен «Заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығының негізі» тақырыбында кездесу өтті.

Шара барысында жастарға құқық бұзушылықтың алдын алу мен заң талаптарын сақтаудың маңыздылығы түсіндіріліп, студенттердің сұрақтарына жауап берілді.

Құқықтық сауаттылық – жарқын болашақтың кепілі!
