2027 жылы Қазақстаннан Вена, Нью-Йорк пен Миланға тікелей рейстер ашылады
Бұл туралы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Үкіметте өткен брифингте айтты.

«Басқа елдермен халықаралық әуе қарым-қатынасты дамытудамыз. 2026 жылғы 30 қарашада Алматы-Токио бағытында бірінші әуе рейсі ашылады. Келесі жылы Вена, Нью-Йорк, Милан және басқа да жаңа әуе бағыттары ашылады», – деді ол.
