Қазақстанда телеарналар мен радио жұмысы уақытша тоқтатылады
4 қарашада еліміз бойынша телеарналар мен радиостанциялардың хабар таратуы уақытша тоқтатылады.

Жұмыстар спутниктік, цифрлық эфирлік және аналогтық телерадио тарату желілерін қамтиды. Осыған байланысты республика бойынша эфирде үзіліс болады.
«Қазтелерадио» мәліметінше, хабар тарату таңғы сағат 03:00-ден кешкі 17:00-ге дейін тоқтайды. Техникалық шаралар телерадио желілерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.
