Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді ұлттық мерекеміз – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Республика күні – еліміздің егемендігін, тəуелсіздік жолындағы тарихи таңдауын жəне халқымыздың азаттық рухын айшықтайтын маңызды мереке. Бұл күн – мемлекеттігімізді нығайтып, елдігімізді дəріптейтін, бірлік пен ынтымақтың қадірін ұғындыратын ерекше күн.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, еліміздің басты байлығы – тəуелсіздігі мен бірлігі. Осы құндылықтарды сақтап, мемлекеттілігімізді нығайту, ел игілігі жолында адал еңбек ету – баршамызға ортақ міндет.
Бүгінде Қазақстан əлемге танылған, болашаққа нық қадам басқан тəуелсіз мемлекет. Еліміздің дамуы мен өркендеуі, халықтың əл-ауқатының артуы жəне жас ұрпақтың жарқын болашағы – ортақ мақсатымыз. Осы жолда татулық пен тұрақтылықты сақтап, бірлігімізді бекемдей түсуіміз қажет.
Осы айтулы мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке мен молшылық тілеймін. Елімізде тыныштық орнап, бірлігіміз бекем, тəуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Қазақстанымыздың мерейі үстем болып, келешегіміз кемелдене берсін!
Республика күні құтты болсын!

Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
Ұлытау ауданының әкімі.