Ұлытаулық Еркежан Наукенова – Әлем чемпионатының қола жүлдегері

Ұлытау облысының намысын қорғаған Еркежан Наукенова самбодан юниорлар арасындағы Әлем чемпионатында 3-орын иеленіп, қола жүлдеге қол жеткізді.

Дүбірлі дода Грекияның Салоники қаласында өтіп жатыр. Әлемнің үздік самбошылары бақ сынаған байрақты бәсекеде ұлытаулық спортшы жоғары шеберлік танытып, жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Еркежан, жеңісің құтты болсын!
Келер жарыстарда да биік белестерді бағындырып, Ұлытаудың және Қазақстанның көк Туын көкке көтере бер!

Ұлытау спортының мерейі үстем болсын!