Ұлытау облысында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

23-24 қыркүйек аралығында Жезқазған қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығуын өткізу жоспарлануда.

Оқу-жаттығу аясында, Жезқазған қаласы аумағында автокөлік құралдарының және халықтың қозғалысын уақытша шектейтін шаралар қарастырылған.

Осыған байланысты, азаматтарды өткізілетін оқу-жаттығу іс-шараларына түсіністікпен қарауға, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және халық арасында жалған ақпараттың таралуына жол бермеуге шақырамыз.