Көздің тор қабығын емдеу: Ұлытау тұрғындарына жаңа мүмкіндік

Жезқазған қаласындағы көпбейінді аурухананың офтальмология бөлімінде Ұлытау облысының тұрғындары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі шеңберінде дәрілік заттарды интравитреальды енгізу (ИВВИА) қызметін ала алады.

Мұндай мамандандырылған медициналық көмек Жезқазған қаласының өзінде қолжетімді болуы пациенттерге басқа қалаларға бармай-ақ қажетті емді алуға мүмкіндік береді.
Қызмет көрсетіле бастағаннан бері 9 пациентке интравитреальды инъекция жасалды. Негізінен емді жасқа байланысты макулалық дегенерациясы және диабеттік макулалық ісінуі бар пациенттер алды.

Көздің тор қабығы ауруларын уақтылы емдеу не үшін маңызды?

Жасқа байланысты макулалық дегенерация және диабеттік макулалық ісіну орталық көру қабілетіне айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Аурудың ықтимал белгілеріне көру өткірлігінің төмендеуі, бейненің бұрмалануы, көз алдында дақтардың пайда болуы, оқу және күнделікті жұмыстарды орындау кезінде қиындықтардың туындауы жатады.
Осы аурулардың белгілі бір түрлерін емдеу әдістерінің бірі — дәрілік заттарды интравитреальды енгізу, яғни препаратты көздің шыны тәрізді денесіне тікелей енгізу.
Процедураны жүргізу қажеттілігін дәрігер пациентті тексергеннен кейін және медициналық көрсеткіштерді ескере отырып анықтайды.

Медициналық көмекті қалай алуға болады?

Алдымен офтальмологқа жүгіну қажет. Дәрігер тексеру жүргізіп, медициналық көрсеткіштер болған жағдайда қажетті диагностикалық зерттеулерді, оның ішінде көздің тор қабығын тексеруді тағайындайды.
Зерттеу нәтижелері бойынша диагноз және одан әрі емдеу тактикасы анықталады. ИВВИА жүргізуге медициналық көрсеткіштер болған жағдайда пациент белгіленген тәртіппен тиісті процедураға жіберіледі.
Айта кету керек, көз ауруы бар әрбір пациентке интравитреальды инъекция қажет емес. Процедураны жүргізу туралы шешімді дәрігер диагнозды, көздің тор қабығының жағдайын және медициналық көрсеткіштерді ескере отырып, жеке қабылдайды.

Емдеу қолжетімді бола түсті

Бұл қызметтің Жезқазған қаласында көрсетілуі облыс тұрғындарына мамандандырылған офтальмологиялық көмекті тұрғылықты жеріне жақын жерде алуға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе шалғай елді мекендердің тұрғындары үшін маңызды, өйткені бұған дейін мұндай ем қажет болған жағдайда басқа қалаға бару қажеттілігі туындауы мүмкін еді.
Тиісті медициналық көрсеткіштер болған жағдайда процедура МӘМС шеңберінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қаражаты есебінен жүргізіледі.
Салыстыру үшін, коммерциялық медициналық ұйымдарда осындай процедураның құны шамамен 160 мың теңгені құрауы мүмкін. МӘМС шеңберінде медициналық көмекті алу пациентке тиісті медициналық көрсеткіштер мен қызмет көрсету шарттары болған жағдайда бұл шығындарды болдырмауға мүмкіндік береді.
Осылайша, өңірде мамандандырылған офтальмологиялық көмектің қолжетімділігін арттыру тұрғындарға қажетті емді уақытылы әрі тұрғылықты жеріне жақын жерде алуға мүмкіндік береді.
Көру қабілетінің төмендеуі, түзу сызықтардың бұрмалануы, көз алдында дақтардың пайда болуы немесе көру қабілетінде басқа да өзгерістер байқалған жағдайда офтальмологқа уақытылы жүгіну ұсынылады. Көздің тор қабығы ауруларын ерте диагностикалау және емдеуді уақытылы бастау көру қабілетін сақтауда маңызды рөл атқарады.

Сақтандырылған мәртебені қайдан тексеруге болады?

Қазіргі уақытта сақтандырылған мәртебені тексеру үшін медициналық немесе мемлекеттік мекемелерге барудың қажеті жоқ. Мәртебені смартфон арқылы онлайн режимде тексеруге болады.
Ақпаратты SaqtandyryBot Telegram-боты, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының msqory.kz ресми сайты, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, eGov.kz порталы және eGov mobile қосымшасы, сондай-ақ Kaspi, Halyk, БЦК, Freedom, Bereke, Home Credit, Еуразиялық банк және ForteBank мобильді қосымшалары арқылы алуға болады.
МӘМС жүйесіне қатысты сұрақтар бойынша Ұлытау облысының тұрғындары Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыс бойынша филиалына Жезқазған қаласы, Холмецкий көшесі, 80 «А» мекенжайы бойынша немесе 8 (7102) 99-61-93 телефоны арқылы хабарласа алады.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ
Ұлытау облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі.