Ұлытау тұрғындары сирек шағымдана бастады: қандай мәселелер бақылауда
2025 жылы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-ның Ұлытау облысы бойынша филиалына 82 шағым келіп түскен болса, 2026 жылы олардың саны 44-ті құрады.

Осылайша, шағымдар саны 38-ге, яғни 46,3%-ға азайған. Сонымен қатар келіп түскен өтініштер тұрғындарды медициналық көмек көрсету саласында қандай мәселелер әлі де алаңдататынын көрсетеді. 2026 жылы түскен 44 шағымның 20-сы медициналық көмектің сапасыз көрсетілуіне, 12-сі медициналық көмек көрсетуден бас тартуға қатысты болды. Тағы 11 өтініш МӘМС және ТМККК шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, оның ішінде балалар тағамын, АЛО-ны және медициналық мақсаттағы бұйымдарды беруден бас тартуға байланысты түскен. Бір өтініш медициналық этика және деонтология нормаларының бұзылуына қатысты болды. Әрбір цифрдың артында медициналық көмекке, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге немесе өз құқықтарына қатысты түсіндірме алуға мұқтаж нақты пациенттің жағдайы тұр.
Мәселе туындаған жағдайда неден бастау керек?
Мәселені шешу үшін пациентке әрдайым бірден Қорға жүгінудің қажеті жоқ. Әрбір медициналық ұйымда пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі жұмыс істейді. Пациент медициналық көмек алу барысында мәселе туындаған жағдайда осы қызметке жүгіне алады. Қызмет мамандары пациенттердің өтініштерін тікелей медициналық ұйым деңгейінде қарап, жағдайды анықтауға және қажетті түсініктемелер беруге көмектеседі. Өтініш білдіру үшін байланыс деректерін көрсете отырып, жазбаша өтініш беру жеткілікті. Қызметтің жұмысы туралы толық ақпаратты медициналық ұйымнан алуға болады. Қорға келіп түсетін шағымдар санының азаюы медициналық ұйымдар деңгейінде пациенттерді қолдау қызметтерінің жұмысы күшейтілуімен де байланысты болуы мүмкін. Сонымен қатар мұндай динамиканың нақты себептерін анықтау үшін қосымша талдау қажет.
Мәселені медициналық ұйым деңгейінде шешу мүмкін болмаған жағдайда Егер медициналық ұйымға жүгіну мәселені шешуге мүмкіндік бермесе, пациент өзіне ыңғайлы тәсіл арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүгіне алады:
-Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы;
-Қордың ресми msqory.kz сайты арқылы; @SaqtandyrýBot Telegram-боты арқылы; 1414 байланыс орталығының нөмірі арқылы.
Азаматтардың өтініштері денсаулық сақтау жүйесі үшін маңызды кері байланыс көзі болып табылады. Олар проблемалық мәселелерді анықтауға, өтініштердің себептерін талдауға және медициналық ұйымдардың жұмысын одан әрі жетілдіру бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді. Әрбір пациент өз құқықтарын біліп, медициналық көмек алу барысында мәселе туындаған жағдайда қайда жүгінуге болатынын және қажетті көмек пен түсіндірмені қалай алуға болатынын білуі маңызды.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-ның Ұлытау облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі.
