Ұлытау ауданында сайлаушылардың белсенділігі жоғары

Бүгін Ұлытау ауданындағы сайлау учаскелерінде тұрғындардың белсенділігі жоғары деңгейде.

Таң сәріден бастап азаматтар өз таңдауларын жасау үшін сайлау учаскелеріне келіп, дауыс беруде. Әр жастағы тұрғындар азаматтық белсенділігін танытып, маңызды саяси науқанға өз үлестерін қосуда.

Сайлау учаскелеріндегі дауыс беру үдерісі қалыпты жағдайда өтуде.