Құрылтай сайлауы – ел болашағына ортақ жауапкершілік
Ауданымызда Құрылтай сайлауына дайындық жұмыстары заң талаптарына сәйкес ұйымдастырылуда. Сайлау науқанының басты мақсаты – тұрғындардың еркін таңдау жасауына қолайлы жағдай қалыптастырып, сайлау үдерісінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету.

Бүгінде сайлаушыларды ақпараттандыру бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Аудан тұрғындарына сайлау күні, уақыты, дауыс беру тәртібі туралы түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы ақпараттық материалдар тұрақты жариялануда. Сонымен қатар, қоғам белсенділері, жастар, үкіметтік емес ұйымдар және еріктілердің қатысуымен сайлаудың маңызын насихаттайтын түрлі кездесулер мен акциялар өткізілуде.
Құрылтай сайлауы – әрбір азаматтың ел дамуына өз үлесін қосатын маңызды саяси науқан. Әрбір дауыс – ортақ шешімнің бір бөлігі, ал белсенді азаматтық ұстаным қоғамның тұрақты дамуына негіз болады.
Барша аудан тұрғындарын сайлау күні дауыс беру учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасауға шақырамыз. Азаматтық белсенділік пен жауапкершілік – ел болашағына деген жанашырлықтың айқын көрінісі.

