Көк туды үйдің қылтимасына ілуге болады
Үкімет Мемлекеттік туды ілудің жаңа ережелерін бекітті.

Үкіметтің 2026 жылғы 26 маусымдағы қаулысымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын, Мемлекеттік елтаңбасын және олардың бейнелерін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларына өзгерістер енгізілді.
Жаңа қағидаға сәйкес, патриоттық сезімді, қазақстандық бірегейлікті білдіру, сондай-ақ ел мен оның азаматтарының жетістіктерін қолдау мақсатында жеке және заңды тұлғалар Мемлекеттік туды тұрғын және тұрғын емес ғимараттарға, оның ішінде балкондарға (45 градус бұрышпен), көліктің салонына, салтанатты іс-шаралар өтетін орындарға орнатып, орналастыра алады.
Сондай-ақ, мәдени, спорттық, қоғамдық және өзге де іс-шараларда ғана пайдалануға болады. Коммерциялық мақсатта пайдалануға жол берілмейді.
Тудың жыртылған, тозған, жамалған, тесілген, ластанған, өңі кеткен, мыжылған немесе оның қадір-қасиеті мен рәміздік мәнін төмендететін өзге де ақаулары болмауы керек.

