Құрылтай сайлауына ел бойынша 10 500-ге жуық сайлау учаскесі дайындалады
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, шетелдегі қазақстандықтар үшін 64 мемлекетте 82 учаске ашылады.

Сайлаушылар тізіміне тұрақты тіркеуі бар 12 млн 561 мың 644 азамат енгізілген. Сайлауды ұйымдастыруға аумақтық және учаскелік комиссиялардың 71 мыңнан астам мүшесі тартылады.
Сайлаушылар тізімімен танысу 7 тамызда тұрғылықты жері бойынша, ал уақытша болатын орындарда 17 тамыздан басталады. Азаматтар өз деректерін онлайн сервистер немесе әкімдіктердің колл-орталықтары арқылы тексере алады.

