Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді мұсылман қауымы үшін қасиетті де қастерлі Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Құрбан айт – мейірімділік пен жанашырлықтың, ізгілік пен татулықтың мерекесі. Бұл күндері ағайын арасындағы ауызбіршілік нығайып, үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық көрсетіліп, мұқтаж жандарға қол ұшын беру – баршамызға ортақ ізгі міндет.
Берекелі мереке әр шаңыраққа амандық, молшылық, шаттық пен құт-береке әкелсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болып, ынтымақ пен бірлігіміз арта берсін.
Баршаңызға зор денсаулық, отбасы бақыты, игі істеріңізге табыс тілейміз!
Құрбан айт қабыл болсын!
Аманжол Мырзабеков,
Ұлытау ауданының әкімі.
Ахат Құрмансейітов,
аудандық мәслихаттың төрағасы.
