Ұлытау облысының әкімі Құрбан айт мерекесімен құттықтады
Сіздерді барша мұсылман қауымы үшін қасиетті мереке – Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл ұлық мейрам – мейірім мен жанашырлықтың, ізгілік пен қайырымдылықтың, бірлік пен татулықтың символы. Құрбан айт адамдарды өзара құрметке, қамқорлық пен бауырмалдыққа үндейді. Осындай рухани құндылықтар қоғамымыздың тұтастығын нығайтып, ел бірлігін бекемдей түседі.
Ұлытау жұртшылығы қашанда ынтымақ пен ауызбіршілікті ту етіп, игі бастамалардың жанынан табылып келеді. Бұл – өңіріміздің дамуы мен берекесінің берік негізі.
Қасиетті айт күндері үлкенге құрмет көрсетіп, мұқтаж жандарға қолдау білдіру – ата-бабадан жалғасқан асыл дәстүріміз. Осындай ізгі амалдар арқылы қоғамымыздағы адамгершілік пен өзара жанашырлық құндылықтары одан әрі нығая түсетініне сенімдімін.
Осынау қасиетті күндері шалынған құрбандықтар мен жасалған дұға-тілектер қабыл болсын! Әр шаңыраққа амандық, молшылық, бақ-береке мен шаттық тілеймін!
Дастан РЫСПЕКОВ,
Ұлытау облысының әкімі.
