Ұлытау ұстаздары – ел мерейі
Республикалық Тамыз конференциясында Ұлытау облысының қос бірдей ұстазы жоғары марапатқа ие болды.

Ұлытау ауданы №1 тірек мектебінің ұстазы Жанна Қонысбекқызы Мырзабекова Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан «Шапағат» медалін алды.

Сондай-ақ Манадыр негізгі орта мектебінің математика пәні мұғалімі Сандуғаш Төлеуханқызы Көшкімбаева Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Білім беру саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Бұл марапаттар – саналы ғұмырын шәкірт тәрбиесіне арнап, білім беру саласында аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздардың кәсіби шеберлігі мен қажырлы еңбегіне берілген лайықты баға.
Ұстаздарымызды мәртебелі марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз еленіп, шәкірттеріңіздің жетістігі еселене берсін!
Ұлытау ұстаздарының мерейі әрдайым үстем болсын!
