«Жасыл ел» жастар еңбек жасағына қабылдау басталды
Ұлытау ауданында жазғы маусымға арналған «Жасыл ел» жастар еңбек жасағына құжат қабылдау басталды. Бағдарламаға 14 пен 35 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Жоба аудан жастарын маусымдық жұмыспен қамтып, еңбекке баулу мен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған.

Биылғы еңбек маусымына Ұлытау селосының, Жезді және Қарсақбай кенттерінің жастары қамтылады. Қатысушылар аудан аумағын көгалдандыру, тазалық жұмыстарын жүргізу, абаттандыру және экологиялық акцияларға қатысу арқылы еңбек тәжірибесін жинақтайды.
«Жасыл ел» бағдарламасы — жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып қана қоймай, олардың жауапкершілігін арттырып, туған жердің тазалығы мен көркеюіне үлес қосуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жасақ сарбаздарына атқарған жұмысына сәйкес еңбекақы төленеді.
Құжат қабылдау белгіленген мерзім аралығында жүргізіледі. Бағдарламаға қатысуға ниетті жастар жеке куәлік көшірмесі мен қажетті құжаттарын тапсырып, тіркеуден өте алады.
Жастарды жазғы еңбек маусымына белсенді қатысуға шақырамыз! «Жасыл ел» – еңбек пен бірліктің, жауапкершілік пен патриоттықтың мектебі.
Ұлытау ауданының «Жастар ресурстық орталығы» КММ.
