Ұлытау облысында денсаулық сақтау жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды

Ұлытау облысында өңірдегі медициналық ұйымдардың қатысуымен кеңес өтті. Іс-шараға арнайы шақырылған спикер ретінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Жолшыбек Олжас Темірғалиұлы қатысты.

Кездесудің негізгі тақырыбы – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, Қор қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және медициналық қызметтерді жеткізушілермен адал әрі ашық өзара іс-қимыл қағидаттарын қалыптастыру.

Кеңес барысында филиал директоры Асет Утельбаев медициналық ұйымдармен өзара іс-қимылдың барлық кезеңінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды сақтаудың маңыздылығына тоқталды. Атап айтқанда, медициналық қызметтерді сатып алудан және шарттар жасасудан бастап, міндеттемелердің орындалуын мониторингтеу мен төлемге жататын сомаларды қалыптастыруға дейінгі үдерістердің ашық болуы қажеттігін атап өтті.

Кездесу барысында мынадай мәселелерге ерекше назар аударылды:

Қордың бизнес-процестерінің ашықтығын қамтамасыз ету;

Филиал қызметкерлерінің шешімдері мен әрекеттеріне шағымдану тетіктері;

Ықтимал сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы хабарлау тәртібі;

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілік;

Қор мен медициналық ұйымдар арасындағы ашықтықты арттыру және өзара сенімді нығайту.

Сондай-ақ қатысушыларға кері байланыс арналары, оның ішінде Қордың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметіне және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне 1424 нөмірі арқылы жүгіну мүмкіндігі түсіндірілді.

Департаменттің шақырылған өкілі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары туралы ақпарат беріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын түсіндірді және ықтимал заңбұзушылықтар туралы уақтылы хабарлаудың маңыздылығын еске салды.

Кездесу қорытындысы бойынша денсаулық сақтау жүйесіне қатысушылардың барлығының сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу жөніндегі ортақ жауапкершілігінің маңыздылығы атап өтілді.

Қордың Ұлытау облысы бойынша филиалы ішкі үдерістерді жетілдіру, қабылданатын шешімдердің ашықтығын қамтамасыз ету және медициналық ұйымдармен сындарлы өзара іс-қимылды нығайту бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.

Бұл жұмыстың басты басымдығы – МӘМС қаражатын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасын арттыру және халықтың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне деген сенімін нығайту.