Қадірлі жерлестер! Ардақты ағайын!

Қадірлі жерлестер!
Ардақты ағайын!

Баршаңызды бірлік пен берекенің айшықты мерекесі 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл мереке – бейбітшілік пен келісімді ұлттық құндылық ретінде қадір тұтатын барша қазақстандықтар үшін ерекше маңызға ие. Ел тұтастығының берік негізі, мемлекетіміздің басты байлығы – бірлікті көздің қарашығындай сақтап, оны одан әрі нығайту – бәрімізге ортақ міндет.
«Бірлік бар жерде – тірлік бар» дейді дана халқымыз. Бұл – ғасырлар сүзгісінен өткен өмірлік қағида. Бүгінде Қазақстан халқының бірлігі күні – татулық пен тұрақтылық салтанат құрған егемен еліміздің жарқын мерекесіне айналды.

Қадірменді қауым!

Осы айтулы мереке күні баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, шаңырақтарыңызға амандық, ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге табыс тілейміз!
Еліміздегі ұлтаралық татулықтың тұғыры биік, ынтымақ пен бірлігіміз мәңгі болсын!

Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
Ұлытау ауданының әкімі.
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
Ұлытау аудандық мәслихатының төрағасы.